Меню KDT
logo.png?_=1465535927
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ АТЫРАУСКОЙ ОБЛАСТИ
ru / kz / en
Виджет не найден
Новости

Атырау базарларында улы қарбыздар сатылуда

Бірнеше күннен бері қаладағы сауда нүктелеріне тексерген санитар-дәрігерлер жаға ұстатарлық деректерді анықтады. Денсаулыққа қауіп төндіретін қарбыздар қаладағы кез-келген базарда саудаланып жатыр. Оңтүстік облыстардан әкелінген олардың келісі 200 теңге. Мөлшер бойынша қарбыздағы нитраттың нормасы 60 миллиграмнан аспауы керек.


Алайда арнайы құрылғы нитрат көлемі 200 миллиграмнан асып кеткенін көрсетті. Сондықтан базар әкімшілігіне қарбыздарды саудадан алып, көзін жою туралы тапсырма берілді.


“Қарбыз құрамындағы нитрат шектен тыс көп. Сол алаңдатып отыр. Тексерілген 10 қарбыздың 9-ында нитрат рұқсат етілген нормадан 4-5 есе көп. Ең жоғарысы 223миллиграммм. Бұдан түрғындар жаппай улануы мүмкін”, – деді Атырау қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының басшысы Темірбек Мұсағалиев.

 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Все обсуждения
Партнеры